Мессидің Майамидегі мұрты бұзылар емес: Игуаинның рекордын жаңартты

Лионель Месси

Лионель Месси. Фото: Getty Images

7 сәуір күні MLS чемпионаты аясында «Интер Майами» өз алаңында «Торонтомен» кездесіп, матч 1:1 есебімен аяқталды.

Майами клубының жалғыз голын алғашқы таймның соңына таман Лионель Месси соқты. Бұл аргентиналық жұлдыз үшін жай ғана гол емес еді.

Сол голдың арқасында Месси «Интер Майамидің» MLS-тегі ең нәтижелі ойыншысына айналды. Ол 29 матчта 24 гол соғып, 20 рет әріптестеріне пас берген — жалпы 44 нәтижелі әрекет. Осыған дейінгі үздік көрсеткіш Гонсало Игуаинға тиесілі болған (67 ойында 43 нәтижелі әрекет).

Биылғы маусымда 37 жастағы шабуылшы төрт кездесуге қатысып, үш гол соғып, екі мәрте нәтижелі пас беріп үлгерді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін