Мбаппе «Қайратқа» қарсы ойынды қосалқы құрамнан бастайды

Килиан Мбаппе

Килиан Мбаппе. Фото: SPOX

Испаниялық Defensa Central басылымы мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсоның Килиан Мбаппе бойынша шешімін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ақпаратқа сәйкес, француз шабуылшысы Алматыдағы «Қайратқа» қарсы өтетін Чемпиондар лигасының екінші тур ойынын негізгі құрамда бастамайды, алаңға тек қосалқы құрамнан шығуы мүмкін.

Еске салайық, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесу бүгін, 30 қыркүйекте Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді. Басталуы — 21:45 (Астана уақыты).

Алматылықтар турнирді Лиссабонда «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылудан бастаса, «Реал» алғашқы ойында «Марсельді» 2:1 есебімен жеңді. Рафаэль Уразбахтиннің командасына жалпы кезеңде «Арсенал», «Интер», «Брюгге», «Копенгаген», «Олимпиакос» және «Пафоспен» кездесулер алда күтіп тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру