Мария Агапова алғаш рет жалаңқол айқасқа шығады

Мария Агапова

Мария Агапова. Фото: Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық Мария Агапова 21 маусым күні АҚШ-тың Техас штатында өтетін BKFC 76 турнирінде жалаңқол айқасқа алғаш рет қатысады. Бұл туралы лига әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялады.

Оның қарсыласы – UFC-дің бұрынғы спортшысы Джессика Ай. Америкалық файтер жеңіл және аса жеңіл салмақтарда өнер көрсетіп, әлемнің үздік лигасында 15 жекпе-жек өткізген. Оның бесеуінде жеңіске жетіп, он рет жеңілген. 2019 жылы Ай Валентина Шевченкоға қарсы чемпиондық белбеу үшін айқасып, нокаутпен жеңілген еді.

Ал Агапова UFC-де алты жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңіске жетіп, төрт кездесуде жеңілген. 2024 жылдың жазында үш жеңілістен кейін ұйымнан кеткен ол мансабын жалаңқол айқаста жалғастыруды таңдады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру