Макгрегор октагонға оралатынын мәлімдеді

Конор Макгрегор

Конор Макгрегор

UFC-дің бұрынғы екі салмақ дәрежесіндегі чемпионы Конор Макгрегор октагонға қайта оралуы мүмкін екенін айтты. Айтуынша, келісімшарт бойынша әлі екі жекпе-жегі бар және бұл бағытта келіссөздер жүріп жатыр.

BKFC баспасөз жиынында Макгрегор өткен аптада Ақ үйде болғанын айтып, сол сәт өзіне қатты әсер еткенін жеткізді. Ол қазіргі таңда еліндегі жағдайға алаңдайтынын жасырмады.

«Қазірге дейін жеткен жетістігіме ризамын. Бірақ ішімде әлі де бір дүние қалып қойғанын сезем. Бұл – менің ішкі мақсатым. Соған жеткім келеді», – деді Конор нақты жекпе-жек жайлы ашып айтпастан.

Айта кетейік, Макгрегор соңғы рет октагонға 2021 жылдың жазында шыққан. Ол кезде америкалық Дастин Порьемен айқасып, аяғын сындырып, техникалық жеңіліске ұшыраған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Янв - 15:15 ММА
Диас Өтеген ONE Championship лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
17 Янв - 10:32 ММА
Николай Веретенников UFC Vegas 113 турнирінде октагонға қайта оралады
14 Янв - 10:33 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының үздік үш жауынгерінің қатарына енді
13 Янв - 12:23 ММА
Еркебұлан Тоқтар OCTAGON лигасында Шахзод Узоковпен жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасасты
12 Янв - 16:37 ММА
Хамзат Чимаев Алекс Перейраны жекпе-жекке шақырды
09 Янв - 21:27 ММА
Еркебұлан Тоқтар Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізуді мақсат етті
07 Янв - 09:08 ММА
Конор Макгрегор Флойд Мейвезермен ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді
06 Янв - 11:11 ММА
Камил Гаджиев Жалғас Жұмағұловтың Fight Nights Гран-приіне қатысуы мүмкін екенін айтты
04 Янв - 10:00 ММА
Джон Аник UFC-дің Ақ үйде өтетін дебюттік турнирінің ықтимал қатысушыларын атады
03 Янв - 10:00 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының P4P рейтингінде үздік төрттікке енді