Махмуд Сабырхан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Махмуд Сабырхан

Махмуд Сабырхан. Фото: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан 2025 жылы Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

55 келі салмақтағы 1/16 финалда ол мексикалық Брайан Оуэн Ортиспен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен — 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Сабырхан келесі кезеңге өтті, ал қарсыласы жарысты аяқтады. Айта кетейік, Махмуд 2023 жылғы әлем чемпионы әрі 2021 жылдың күміс жүлдегері. Сондай-ақ ол 2024 жылы Азия чемпионатын жеңіп, 2022 жылғы құрлықтық додада күміс медаль иеленген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру