Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатында қазақ дербиі өтеді

Нурбек Оралбай

Фото: Icon Sport via Getty Images

2025 жылғы әлем чемпионатында (Ливерпуль, Англия) 80 келі салмақтағы 1/8 финалда қазақ дербиі күтіп тұр: Нұрбек Оралбай Қазақстан атынан сынға түссе, оған Қытайды таныстыратын этникалық қазақ Тоқтарбек Танатқан қарсы болады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Оралбай 1/16 финалда украиналық Матвей Ражбоны төрешілердің бірауызды шешімімен ұтса, Танатқан мексикалық Эмилиано Редусиндоны бөлек шешіммен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында Ливерпуль қаласында өтіп жатыр. Жарысқа 60-тан астам елдің өкілдері қатысуда. Турнирді World Boxing ұйымы ұйымдастыруда.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру