Ливерпульдегі әлем чемпионатында қазақстандықтар сегіз жеңіске жетті

Фото: НОК РК
9 қыркүйекте Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының тоғыз боксшысы шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Әйелдер арасында Алуа Балкибекова (51 келіге дейін) кореялық Мун Каенді айқын басымдықпен жеңді. Виктория Графеева (60 келіге дейін) британдық Люси Кингс-Уитлиден басым түсіп, ширек финалға жолдама алды. Назым Қызайбай (48 келіге дейін) венгр Лилу Селецкиді бірнеше рет нокдаунға жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Наталья Богданова түрік боксшысы Сема Чалышканды ұтып, жартылай финалға шығып, Қазақстан құрамасының қоржынына кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Ерлер арасында Махмуд Сабырхан (55 келіге дейін) Косово өкілі Башким Байокуды алғашқы раундта нокаутқа түсірді. Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) Қытайдың Тоқтарбек Танатқанын жеңіп, ширек финалға өтті. Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) иорданиялық Хутайфа Эшаиштен айласын асырды. Ертуған Зейнуллин (65 келіге дейін) британдық Патрис Мугалзайды төрешілердің бөлек шешімімен ұтты.
Күннің жалғыз жеңілісі Бекзад Нұрдәулетовке (85 келіге дейін) тиесілі болды. Ол грузин Георгий Кушиташвилиді бірінші раундта нокдаунға жібергенімен, кейінгі раундтарда жеңісті қарсыласына беріп қойды. Судьялар жекпе-жекті бөлек шешіммен Кушиташвилидің пайдасына тіркеді.