Леброн Джеймс NBA тарихында теңдессіз жетістікке жетті

Леброн Джеймс

Леброн Джеймс

«Лос-Анджелес Лейкерс» ойыншысы Леброн Джеймс NBA тарихында 50 000 ұпай жинаған алғашқы баскетболшы атанды. Ол бұл межені «Нью-Орлеан Пеликансқа» қарсы ойында үш ұпайлық соққымен бағындырды.

40 жастағы Джеймс сол ойында 50 005 ұпай жинап, командасын алға сүйреді. Ол NBA-дағы ең тәжірибелі ойыншы, бірақ әлі де жоғары деңгейде ойнап келеді. Мансабында «Кливленд», «Майами», «Лейкерс» сапында ойнады, төрт рет НБА чемпионы атанды.

Леброн төрт рет маусымның ең үздік ойыншысы және финалдың MVP-сі болған. Ол әлі күнге дейін жас ойыншыларға үлгі.

Қазіргі маусымда «Лейкерс» Батыс конференциясында екінші орында. Команданың еншісінде 59 ойынның 38 жеңісі бар. Көшбасшы «Оклахома», олар 50 жеңіске жеткен.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру