Лас-Вегаста күтпеген нәтиже: Дияр Нургожай UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

Дияр Нургожай

Дияр Нургожай

Қазақстандық файтер Дияр Нургожай (10-0) UFC-дегі алғашқы кездесуін өткізді, алайда дебюті сәтсіз аяқталды. Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Fight Night 254 турнирінде ол бразилиялық Брендсон Рибейромен (16-7) жұдырықтасты. Ауыр салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта Рибейро ауырту әдісімен жеңіске жетті.

Бұл кездесуде көпшілік Нургожайды фаворит санаған, бірақ бәрі керісінше аяқталды. Оның үстіне, қазақстандық спортшы салмақ өлшеу кезінде лимиттен асып кетіп, гонорарының 25%-ын қарсыласына беруге мәжбүр болды.

Рибейро үшін бұл – кәсіби мансабындағы 17-ші, ал UFC-дегі үшінші жеңіс (рекорд — 3-1). Ал Нургожай мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру