Ламин Ямаль «Алтын доптың» басты фавориті атанды

Фото: Visionhaus via Getty Images
Футболдан әлемнің үздік ойыншысына берілетін беделді «Алтын доп» жүлдесіне басты үміткер өзгерді. Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Барселона» мен «Интер» арасындағы алғашқы матчтан (3:3) кейін Ламин Ямаль жеңіске басты үміткер атанды.
«Барселона» ойыншысының жеңіске мүмкіндігі 2.50 коэффициентпен бағалануда. Оның командаласы Рафинья екінші орынға сырғыды (3.25), ал үшінші орынды «ПСЖ» вингері Усман Дембеле (5.00) иеленді. Сондай-ақ үздік ондықтан «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе шығып қалды, оның орнына «ПСЖ» қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма енді.
Айта кетейік, «Алтын доп» марапаты биыл қазан айында табысталады. Қазіргі иегері – «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри.