Курбанов алтын алды: гимнастикадан Азияның үш дүркін чемпионы

Нариман Курбанов

Нариман Курбанов. Фото: kazsports.kz

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Нариман Курбанов тағы да алтыннан алқа тақты. Ол гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуында қарсыластарынан оза шапты.

Финалда Курбанов 14.933 ұпай жинап, бірінші орынға жайғасты. Екінші орынды оңтүстіккореялық Вун Хур (14.633), үшінші орынды вьетнамдық Дан Нгок Тхен (14.233) иеленді. Ал Ильяс Азизов 13.933 ұпаймен бесінші орынға табан тіреді.

Бұл – Нариманның Азия чемпионаттарындағы үшінші алтын жүлдесі. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль болды: бұған дейін Милад Карими вольтілік жаттығуда күміс алса, команда көпсайыста қола еншілеген.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру