Кормье қазақстандық файтердің жеңісін жоғары бағалады

Даниэль Кормье

Фото: Sportbox

АҚШ-тың танымал файтері әрі The Ultimate Fighter жобасындағы Әліби Ыдырыстың бапкері Даниэль Кормье қазақ спортшысының жартылай финалдағы жеңісіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Әліби венесуэлалық Ройберт Эчеверрияны бірінші раундтың соңында тізе соққысымен сұлатып, кейін жерге түсіріп соққылармен жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша ол финалға жолдама алып, UFC-мен келісімшарт үшін таласуға мүмкіндік алды.

Кормьенің айтуынша, Әлібидің қабырғасында жарақаты болған, ал қарсыласының командасы мұны білген. Сондықтан Эчеверрия денеге жиі шабуыл жасаған. Бірақ Ыдырыстың қысымы өз нәтижесін беріп, ол жекпе-жекті өз пайдасына шешті.

«Бұл – мен TUF жобасында көрген ең керемет аяқтаулардың бірі. Әліби үшін керемет нәтиже», – деді Кормье.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Янв - 15:15 ММА
Диас Өтеген ONE Championship лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
17 Янв - 10:32 ММА
Николай Веретенников UFC Vegas 113 турнирінде октагонға қайта оралады
14 Янв - 10:33 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының үздік үш жауынгерінің қатарына енді
13 Янв - 12:23 ММА
Еркебұлан Тоқтар OCTAGON лигасында Шахзод Узоковпен жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасасты
12 Янв - 16:37 ММА
Хамзат Чимаев Алекс Перейраны жекпе-жекке шақырды
09 Янв - 21:27 ММА
Еркебұлан Тоқтар Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізуді мақсат етті
07 Янв - 09:08 ММА
Конор Макгрегор Флойд Мейвезермен ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді
06 Янв - 11:11 ММА
Камил Гаджиев Жалғас Жұмағұловтың Fight Nights Гран-приіне қатысуы мүмкін екенін айтты
04 Янв - 10:00 ММА
Джон Аник UFC-дің Ақ үйде өтетін дебюттік турнирінің ықтимал қатысушыларын атады
03 Янв - 10:00 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының P4P рейтингінде үздік төрттікке енді