Конор Макгрегор келесі жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Конор Макгрегор

Фото: MMA Fighting

37 жастағы UFC-дің бұрынғы жартылай жеңіл және жеңіл салмақтағы чемпионы Конор Макгрегор октагонға қайта оралуы және келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ирландиялық файтер қарсыластың атына қарамай айқасқа дайын екенін айтты.

Макгрегор X әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзіне ұсынылған кез келген жекпе-жекке келісім беруге дайын екенін жазды. Ол келісімшарт жіберуді сұрап, алдағы кездесуге ашық екенін жеткізді. Алайда нақты қарсылас пен уақыт мерзімі жарияланған жоқ.

Ирландиялық спортшы соңғы рет 2021 жылдың шілде айында UFC 264 турнирінде өнер көрсетіп, Дастин Порьеге қарсы кездесуде бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді. Сол уақыттан бері ММА ережесі бойынша ресми айқас өткізген жоқ.

Кәсіби мансабында Конор Макгрегор 22 жеңіске жетіп, алты рет жеңіліс тапқан. Қазіргі уақытта оның ықтимал қайтуы туралы түрлі болжамдар айтылуда.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру