Каршыға Даутбек жапон дарынмен жекпе-жекке шығады

Каршыга Даутбек

Каршыга Даутбек. Фото: RIZIN

Қазақстандық ММА шебері Каршыға Дәуітбек (18-3) келесі жекпе-жегін 27 шілде күні Жапонияның Сайтама қаласында өтетін Super RIZIN 4 турнирінде өткізеді. Ол 19 жастағы жергілікті спортшы Киома Акимотомен (8-1) жұдырықтасады.

Жекпе-жек 66 келі салмақта өтеді. Қарсыластар үш раундтық форматта күш сынасады. Каршыға биылғы соңғы кездесуін наурызда өткізіп, жапондық Тихиро Судзукиден (13-6) төрешілер шешімімен басым түскен.

Ал Акимото соңғы рет мамыр айында октагонға шығып, Рио Такагиді (8-3) сенімді түрде жеңген болатын. Бұл жекпе-жек жас жапон спортшысы үшін маңызды сынақ болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру