Карло Анчелотти Бразилия құрамасының бас бапкері болуға жақын

Карло Анчелотти

Карло Анчелотти. Фото: Getty Images

Бразилия футбол федерациясы (CBF) Карло Анчелоттимен келіссөздерді аяқтау сатысына жақындады. Журналист Сесар Луис Мерлоның мәліметінше, италиялық маманға ресми ұсыныс жасалған. Егер келісімге келсе, Анчелотти ұлттық құрамалар арасында ең жоғары жалақы алатын бапкер болмақ.

CBF Анчелоттимен 2030 жылғы әлем чемпионатына дейін келісімшарт жасауды жоспарлап отыр. Дегенмен, келісімнің соңғы шарттарын италиялық бапкердің өзі шешетін болады. Жылдық жалақысы 11 миллион еуро болуы мүмкін екені хабарланды.

Сонымен қатар, Анчелотти кеткен жағдайда «Реалдың» Клубтық әлем чемпионатында кіммен өнер көрсететіні жайлы ақпараттар тарауда. Еске сала кетейік, Карло Анчелотти «Реалды» 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді және бұған дейін «Милан», «Челси», «ПСЖ», «Бавария», «Наполи» мен «Эвертон» секілді командаларда жұмыс істеген.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді