Италиялық БАҚ: «Қайраттың» Чемпиондар лигасына жолы – нағыз ертегі

Эдмилсон Кайрат

Фото: Getty Images

Ilfattoquotidiano.it басылымы Миландағы «Интерге» қарсы ойынды күтіп отырған алматылық «Қайратқа» мақала арнады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Журналистер «Қайраттың» Еуропаның басты клубтық турниріне жолын «ертегі» немесе «қайсарлықтың сынағы» деп атады. Өйткені клуб атауының өзі қазақ тілінде «қайрат», яғни батылдық дегенді білдіреді. Бұл жолы алматылықтар «Олимпияны», КуПС-ты, «Слованды» және «Селтикті» артта қалдырып, Лигаға жолдама алды. Шешуші сәттің қаһарманы – 21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков, ол пенальти сериясында үш соққыны қайтарып, команданы алға сүйреді.

Материалда 17 жастағы шабуылшы Дастан Сатпаевқа ерекше назар аударылды. Оны «Челси» 2026 жылдан бастап өз қатарына қосуға келісімшарт жасап қойған. Сондай-ақ Жоржиньо, Әділет Садыбеков және капитан Андрей Мартынович сынды ойыншылардың еңбегі атап өтілді.

Авторлар «Қайраттың» 1954 жылы құрылғанын, «Халық командасы» деген атауға ие екенін еске салады. Тәуелсіздік жылдары клуб төрт рет ел чемпионы атанып, он мәрте Кубок пен үш Суперкубок жеңіп алған. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздар Вагнер Лав пен Андрей Аршавин де осы ұжымның сапында ойнады. Енді «Қайрат» Еуропаның үздіктерімен бірге бақ сынамақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
22 Окт - 14:19 Футбол
Лионель Месси МЛС тарихында жаңа рекорд орнатты
22 Окт - 09:20 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: «Мұндай ойындар тәжірибе жинауға мүмкіндік береді»«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының үшінші турындағы «Пафоспен» өткен (0:0) матчты қорытындылады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz . Маман команда ойыншыларының ерік-жігерін атап өтіп, алдағы кездесулерге деген дайындық жайлы пікір білдірді. «Үшінші минутта қарсылас ойыншысы алаңнан қуылғаннан кейін жоспарымыз түгел өзгерді. Бізде допқа иелік ету пайызы жоғары болды, бірақ соққыларды голға айналдыру жетіспеді. Қарсыластың қақпасына көп соққы жасағанымызбен, нәтиже шығара алмадық», — деді Уразбахтин. Бапкер Темірлан Анарбековтің ойынына да баға берді: «Темірланның қайта оралғанына қуаныштымыз. Бір сәтте ол команданы аман алып қалды. Сол эпизодта тағы жарақат алып қала ма деп қорықтық, бірақ бәрі жақсы». Сондай-ақ ол қорғаушы Александр Заруцкийдің дайындығы туралы айтты: «Ол жаттығу процесіне қосылды, бүгін құрамда болды. Жақын күндері алаңда көреміз». Уразбахтин команда енді толық назарын КПЛ-дің шешуші матчы — «Астанаға» қарсы ойынға аударатынын айтты. «Жігіттер сәл көңілсіз, өйткені екі тайм бойы басымдық бізде болды. Бірақ өмір жалғасады. Алдымызда маусымның ең маңызды ойыны — „Астанаға“ қарсы матч. Чемпиондықты қорғауға дайынбыз», — деді ол. Алдағы турда алматылықтарды жаңа сынақ күтіп тұр — 6 қарашаға қараған түні олар Миланда әйгілі «Джузеппе Меацца» стадионында «Интерге» қарсы ойнайды.
21 Окт - 23:37 Футбол
«Қайрат» пен «Пафос» Чемпиондар лигасындағы ойында тең түсті
21 Окт - 14:52 Футбол
Қайрат Боранбаев Нұралы Әліптің неге «Зенитке» ауысқанын түсіндірді
20 Окт - 17:23 Футбол
Еркін Тапалов ұлттық құрамадан не себепті тыс қалғанын түсіндірді
20 Окт - 13:54 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: «Футболды ақша емес, адам ойнайды»
20 Окт - 11:55 Футбол
«Пафос» Алматыға Чемпиондар лигасы матчына келді
20 Окт - 10:33 Футбол
Марокко жастар құрамасы алғаш рет әлем чемпионы атанды
18 Окт - 15:05 Футбол
«ПСЖ» Ламин Ямальды алу үшін рекордтық сома ұсынбақ
18 Окт - 10:00 Футбол
«Астана» мен «Ақтөбе» ойынына барлық билет сатылып кетті