Испаниядағы турнирде 11 қазақстандық боксшы финалға жолдама алды

Фото: НОК РК
Қазіргі таңда Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан Boxam Elite-2026 турнирі өтіп жатыр.
Аталған байрақты бәсекеде 11 отандасымыз финалға шықты.
Атап айтқанда, ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Аман Қонысбеков (75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін), Нұрасыл Асылхан (90 келіден жоғары) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын жүлдеге таласады.
Әйелдер арасында Назерке Серік (65 келіге дейін), Умида Садықова (80 келіден жоғары) және Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) финалда бақ сынайды.
Ал Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Азамат Бектас (80 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Гүзал Садықова (80 келіге дейін) және Элянұр Тұрғанова (48 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, аталған халықаралық турнир 7 ақпанда аяқталады.
Италияда қысқы Олимпиада-2026 ойындарының ашылу салтанаты өтті
Хамес Родригес мансабын МЛС чемпионатында жалғастырады
