Ислам Чесноков Шотландияға бет алды

Ислам Чесноков

Ислам Чесноков. Фото: ФК Тобол

Қазақстандық жартылай қорғаушы Ислам Чесноков Шотландия чемпионатындағы «Хартс» клубына ауысуға жақын. Бұл туралы Edinburgh News басылымы хабарлады. 25 жастағы футболшы «Тоболдағы» келісімшарты аяқталған соң Эдинбург клубының жейдесін киеді.

Футболшымен келіссөздер қыста басталған еді, бірақ ол кезде трансфер жүзеге аспаған. Енді екі тарап келісімге келіп, құжат рәсімдеу жұмыстары бір ай ішінде аяқталмақ. «Хартс» Чесноковқа ұзақмерзімді келісімшарт пен негізгі құрамнан орын ұсынды.

Соңғы екі маусымда Ислам «Тобол» сапында 20 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, ол Қазақстан құрамасы сапында 13 матч өткізген. Оған Венгрияның «Кишварда» мен Түркияның «Касымпаша» клубтары да қызығушылық танытқан.

Айта кетейік, «Хартс» бұған дейін Норвегияның «Валеренга» клубынан Кристиан Борхгревинкті де қатарға қосқан. Осылайша, Чесноков пен Борхгревинктің келуі клубтың оң қанатын айтарлықтай күшейтпек.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді