Ислам Чесноков Шотландия чемпионатына ауысады

«Тоболдың» шабуылшысы Ислам Чесноков шотландиялық «Хартс» клубымен келісімге келді. Бұл ақпаратты «Ғасыр футболы» Telegram-арнасы таратты.

Футболшы мен клуб келісімшарттың барлық шартын мақұлдаған. Чесноков жаңа командасына 1 шілде күні қосылады. «Хартс» — Эдинбург қаласынан шыққан кәсіби клуб. Команда төрт рет Шотландия чемпионы атанып, сегіз мәрте ел кубогын жеңіп алған. 2024/25 маусымында «Хартс» чемпионатты жетінші орында аяқтап, кубоктың жартылай финалына дейін жетті.

Чесноков биылғы Қазақстан Премьер-лигасында сегіз ойын өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді