«Хартс» клубы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытты

Галымжан Кенжебек

Фото: КФФ

Шотландиялық «Хартс» клубының скауттары қазақстандық футболшыларды бақылауды жалғастыруда, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz ASnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, олардың назарына 22 жастағы «Елімай» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек іліккен. Эдинбургтік мамандар соңғы халықаралық үзіліс кезінде оның ойынын бақылап, ұлттық құрама сапында соққан голы мен жоғары жылдамдығына назар аударған.

Еске салайық, 3 шілдеде «Елімай» Кенжебекпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлаған еді. Бұған дейін ол Словакияның «Кошице» клубында ойнап, 10 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Сондай-ақ, футболшының карьерасында «Қайрат», «Женіс», «Мақтаарал» және Кипрдің «Акритас» клубтары бар.

Айта кетсек, биылғы қыста «Хартс» сапына «Тоболдың» шабуылшысы Ислам Чесноков қосылады. Ол клуб тарихындағы алғашқы қазақстандық ойыншы болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді