Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін

Болельщик в Казахстане

Фото: FIFA via Getty Images

2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионаты басқа елге ауыстырылуы мүмкін. Бұл турнирді бастапқыда Латвия мен Литва қабылдайды деп жоспарланған.

Алайда қос ел Беларусь құрамасын өз аумағында қабылдаудан бас тартты. Себебі – Беларусьтің Ресейге Украинадағы қақтығысқа байланысты қолдау білдіруі. Айта кетейік, Беларусь бұл додаға тарихында алғаш рет жолдама алған.

Осы жағдайға байланысты 21 мамырға белгіленген плей-офф кезеңінің жеребесі кейінге шегерілуі мүмкін. Дереккөздерге сенсек, жарысты өткізу үшін қарастырылып жатқан жаңа елдердің қатарында Қазақстан да бар. Себебі елімізде мұндай деңгейдегі турнирлерді қабылдауға лайықты инфрақұрылым жеткілікті. Турнирдің тағдыры жақын күндері белгілі болады.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді