Футболдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді

Казахстан — Узбекистан

Казахстан — Узбекистан

Қазақстан ұлттық құрамасы биылғы күзде өзіне етене таныс әрі бәсекелес саналатын Өзбекстан құрамасымен жолдастық матч өткізуі ықтимал. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. ҚФФ тарапынан келіссөздер сәтті өтіп жатыр.

Ойын қараша айындағы ФИФА күнтізбесіне сай ұйымдастырылуы мүмкін. 15 қарашада Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі соңғы кездесуін Бельгияға қарсы өткізеді. Осыдан кейін бір күн бос болады, дәл сол күні Өзбекстанмен ойын өтуі мүмкін.

Бұл екі құрама соңғы рет 2022 жылдың 16 қарашасында Ташкентте кездескен. Сол ойында өзбекстандықтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығуға өте жақын. Қазір олар 17 ұпаймен екінші орында тұр. Қалған екі ойында олар алдымен сырт алаңда БАӘ-мен (5 маусым), сосын өз алаңында Катармен (10 маусым) кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 18:31 Футбол
Гвардиола Англияда екі матчқа шеттетілді
08 Мар - 12:54 Футбол
Самородов CIES нұсқасы бойынша Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр