Fight Nights президенті Әліби Ыдырыстың жеңілісіне пікір білдірді

Алиби Идрис

Фото: Zuffa LLC

Fight Nights ұйымының президенті Камил Гаджиев қазақстандық спортшы Әліби Ыдырыстың (11-1) The Ultimate Fighter финалындағы нәтижесіне қатысты ойын айтты. Ол осы жеңілістен кейін Ыдырыстың UFC-дегі болашағы туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Ол финалда жеңілді. Бірақ бұл оның UFC-де өнер көрсетпейтінін білдіре ме? Әлде финалист болғанның өзі лигаға жол аша ма? Мен Әліби Ыдырысты сол жерде көргім келеді», – деді Гаджиев өзінің YouTube арнасында.

Еске сала кетейік, шешуші жекпе-жекте Ыдырыс америкалық Джозеф Моралеспен (14-2) UFC 319 турнирінде кездескен. Айқас екінші раундта «треугольник» тұншықтыру әдісімен аяқталып, қазақстандық спортшы кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру