FIFA клубтық футболға үлкен өзгеріс енгізбек

Челси

Фото: FIFA via Getty Images

Әлемдік клуб чемпионаты екі жылда бір рет өткізіліп, оған 48 команда қатысуы мүмкін. Осы мақсатта FIFA ұлттық құрамалардың жолдастық кездесулері мен маусымдағы халықаралық үзілістерді тоқтатуды қарастыруда, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

The Guardian дерегінше, жаңа формат 2029 жылдан басталуы ықтимал. Бұдан былай бір елден екіден артық клуб қатысуы мүмкін, бұл жетекші чемпионаттар үшін мүмкіндікті кеңейтпек.

Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы да тікелей жолдамаға ие болуы ықтимал. Жаңа жүйе бойынша құрлықтық турнирлердің жеңімпаздары әлемдік додаға бірден қатысу құқығын алады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар