Феде Вальверде: «Атлетикодан» жеңілістен кейін «Қайратты» ұтуымыз қажет»

Фото: Telegrafi
Мадридтік «Реалдың» капитаны Феде Вальверде Чемпиондар лигасының екінші турында алматылық «Қайратқа» қарсы өтетін ойын алдындағы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
«Ертең жеңіске жетіп, өткен матчтағы сәтсіздіктің орнын толтырғымыз келеді. „Атлетикодан“ кейін бапкерлік штабпен көп әңгімелесіп, қателіктерді талдадық. „Қайратқа“ қарсы ойында бәрін дұрыс жасаймыз деп сенемін», — деді Вальверде.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы — 21:45 (Астана уақыты).