Фаниль Рафиков ресейлік файтермен жекпе-жек үшін 100 мың долла алады

Фаниль Рафиков

Фаниль Рафиков. Фото: sportplustv.kz

Қазақстандық ММА спортшысы Фаниль Рафиков «Naiza TV» подкастында Аслан Ескендіровпен жекпе-жекке шығуға ниеті жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл кездесуге көрермен де, өзі де қызықпайды.

Фанильдің сөзіне сенсек, ол ресейлік Мариф Пираевпен өтетін жекпе-жек үшін 100 мың доллар көлемінде қаламақы алады. «Асланмен неге төбелеспеймін? Өйткені ол жекпе-жек ешкімге қажет емес. 50 мың дейсіз бе? Маған Мариф үшін екі есе көп түсіп жатыр», – деді ол.

Айта кетейік, Рафиков пен Пираев арасындағы кездесу 13 маусым күні Алматыда өтетін Fight Night турнирінде, кәсіпқой бокс ережесімен өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру