Фаниль Рафиков мамырда октагонға қайта оралмақ

Фаниль Рафиков

Фаниль Рафиков

Қазақстандық ММА шебері Фаниль Рафиков келесі жекпе-жегіне қатысты жаңалықпен бөлісті. Оның айтуынша, май айына жоспарланған айқас өзгеріссіз өтеді.

Жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап берген Рафиков қарсыласының кім болатыны әзірге белгісіз екенін айтты. Дегенмен, бірнеше үміткер бар, нақты шешім кейінірек белгілі болады.

«Қазірше нақты қарсылас жоқ. Бір-екі нұсқа бар, бірақ бәрі уақыт өте белгілі болады. Ең бастысы – мамырда айқас өтетіні анық», – деді спортшы.

Бұған дейін оның NAIZA лигасы аясында мамыр айының соңында өнер көрсетуі мүмкін екені айтылған. Қазіргі таңда осы күн сақталып отыр, ал ұйымдастырушылар қарсылас іздеуді жалғастыруда.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру