Елена Рыбакина WTA финалында рекордтық сыйақы иеленді

Елена Рыбакина

Фото: L'Avenir

Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA маусымдық финалының шешуші ойынында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь) жеңіп, турнир чемпионы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл жеңіс қазақстандық спортшыға тек маусымның басты трофейін ғана емес, сонымен қатар әйелдер теннисі тарихындағы ең ірі қаржылай сыйақыны әкелді.

Рыбакина турнир бойы бірде-бір матчта жеңілген жоқ және осылайша WTA тарихындағы ең жоғары жүлде қорын — 5,235 миллион доллар (2,747 миллиард теңге) иеленді. Турнир ережесіне сәйкес, бұл сома барлық кездесуде жеңіске жеткен, яғни жеңілмеген чемпионға беріледі.

Жолында ол әлемнің үздік теннисшілерін — Аманда Анисимованы (4-орын), Ига Швентекті (2-орын), Екатерина Александрованы (10-орын) және Джессика Пегуланы (5-орын) жеңді. Финалда Арина Соболенкоға қарсы ойында да сенімді ойын көрсетіп, маусымды мінсіз нәтижеумен аяқтады.

Эр-Риядтағы бұл жеңіс Елена Рыбакина мансабындағы ең ірі жетістік болып, Қазақстан теннисі тарихында ерекше белес ретінде қалады. Рекордтық сыйақы мен маусымдық титул оның әлемдік рейтингтегі орнын нығайтып, үздік спортшылар қатарындағы беделін арттыра түсті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Ноя - 11:00 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингінде бесінші орынға көтерілді
09 Ноя - 09:22 Теннис
Елена Рыбакина WTA финалында рекордтық сыйақы иеленді
08 Ноя - 23:36 Теннис
Елена Рыбакина Эр-Риядтағы WTA қорытынды турнирінің чемпионы атанды
08 Ноя - 14:00 Теннис
Елена Рыбакина WTA маусымдық финалында Азия теннисі тарихын жаңадан жазды
08 Ноя - 11:00 Теннис
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалында Арина Соболенкоға қарсы ойнайды
07 Ноя - 22:46 Теннис
Елена Рыбакина Эр-Риядтағы WTA қорытынды турнирінің финалына шықты
06 Ноя - 20:20 Теннис
Елена Рыбакина WTA маусымдық финалының жартылай финалындағы қарсыласын білді
03 Ноя - 21:23 Теннис
Елена Рыбакина Ига Швёнтекті жеңіп, WTA финалдық турнирінде топ бастап тұр
01 Ноя - 20:42 Теннис
Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирін жартылай финалда аяқтады
31 Окт - 23:13 Теннис
Александр Бублик Париж «Мастерсінің» жартылай финалына шықты