Эдсон «Бенфикаға» ауысса, ұлттық құрамадағы болашағы бұлыңғыр болады

Эдсон

Эдсон. Фото: UEFA via Getty Images

«Қайрат» футзал клубы Қазақстан құрамасының ойыншысы Эдсонға қатысты Португалияның әйгілі «Бенфикасынан» ресми ұсыныс алды. Бұл туралы FutsalKazakhstan хабарлады. Эдсон 2018 жылдан бері алматылық клуб сапында ойнап келеді. 2020 жылы ол Словенияның «Лития» клубына жалға беріліп, жарты жыл сол жақта өткізген еді.

Ойыншының Еуропаға ауысуы оның Қазақстан құрамасында ойнау құқығына әсер етуі мүмкін. FIFA ережесіне сай, спорттық азаматтықты ауыстыру үшін елде кемінде бес жыл үзіліссіз тұру қажет. Ал 2020 жылғы аренда бұл мерзімді үзген.

Қазір жаңа есеп 2020 жылдың қыркүйегінен басталған. Демек, Эдсон Қазақстан сапында тек 2025 жылдың қыркүйегінен кейін ғана ойнай алады. Егер ол бұған дейін шетелге қайта кетсе, бес жылдық талап қайта басталады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін