Джепкемей Азия чемпионатында Қазақстанға алғашқы алтынды алды

Джепкемей

Дейзи Джепкемей. Фото: Olympic.kz

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Бұл жүлдені ел қоржынына Дейзи Джепкемей салды.

Ол 10 000 метрге жүгіруден финалдық жарыста бірінші орын алып, мәреге 30 минут 48.44 секундта жетті. Екінші орын жапониялық Ририка Хиронакаға бұйырды – 30:56.32, ал үшінші болып оның отандасы Микуни Яда келді – 31:12.21.

Бұл – Қазақстан құрамасының турнирдегі екінші медалі. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрістен қола жүлдеге ие болған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру