Дияр Нұрғожай UFC-дегі екінші жеңілісіне ұшырады

Дияр Нургожай

Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық Дияр Нұрғожай (11-1) Қытайдың Шанхай қаласында өткен UFC Fight Night 257 турнирінде қырғызстандық Уран Сатыбалдиевпен (8-1) күш сынасты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

UFC тарихында алғаш рет қазақстандық пен қырғызстандық спортшы октагонда бетпе-бет келді. Жартылай ауыр салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, бірінші раундта Сатыбалдиев қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп шықты.

Осылайша, Уран Сатыбалдиев кәсіби мансабындағы тоғызыншы және UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді (1-1). Ал Дияр Нұрғожайдың есебінде екінші жеңіліс тіркелді, оның UFC-дегі көрсеткіші — 0-2.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру