Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне дайын

Дияр Нургожай
Қазақстандық Дияр Нұрғожай (10-0) Лас-Вегасқа (АҚШ, Невада штаты) жетті. Ол 15-16 наурыз түнінде UFC Fight Night 254 турнирінде бразилиялық Брендсон Рибейромен (16-7) октагонға шығады.
Бұл – Нұрғожайдың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі. Ол соңғы кездесуін 2024 жылы қазанда өткізген. Дана Уайттың Претенденттер сериясында Дияр поляк Бартош Шевчикті (8-4-1) екінші раундта нокаутпен жеңген.
Ал Рибейро UFC-де үш жекпе-жек өткізді: бір рет жеңді, екі рет жеңілді. Соңғы айқасында Кайо Мачадоны (8-4-1) төрешілер шешімімен ұтқан.