Де Хеа Роналдуды ерекше дарын иесі деп атады

Криштиану Роналду

Криштиану Роналду Фото: GI

«Фиорентина» қақпашысы Давид де Хеа қазіргі таңда Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында ойнайтын Криштиану Роналду жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Оның айтуынша, Роналду – ерекше дарын иесі. «Ол – нағыз жыртқыш. 40 жасқа таяп қалса да, әлі күнге дейін гол соғып, жүлделерді жеңіп жүр. Өзін күтуі – керемет үлгі. Мұндай спортшылар тарихта бір-екі ғана кездесуі мүмкін», – деді Де Хеа Cronache di spogliatoio басылымына берген сұхбатында.

Қақпашы сондай-ақ кез келген футболшы бір-екі жыл жарқ ете алатынын, бірақ Роналду сияқты 20 жыл жоғары деңгейде ойнау – кез келгеннің қолынан келмейтін іс екенін атап өтті.

Айта кетейік, Криштиану Роналду өз мансабында «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Ювентус» секілді алпауыт клубтарда ойнаған. Қазір ол «Аль-Наср» сапында өнер көрсетіп жүр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін