Дана Уайт Әлібидің жеңісін жоғары бағалады

Алиби Идрис

Алиби Идрис. Фото: Naiza

UFC президенті Дана Уайт The Ultimate Fighter жобасының жартылай финалында Әліби Ыдырыстың көрсеткен өнеріне пікір білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазақстандық файтер венесуэлалық Ройберт Эчеверрияны бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, финалға жолдама алған еді. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Әліби октагон жанына жақындап, Уайтқа тікелей үндеу жасап, бонус сұрады.

«ММА-да бір ғана қателік бәрін өзгертіп жіберуі мүмкін. Әліби Ройды жерге құлатқан соң, қарсыласы қайта тұра алмады. Сол сәтті тиімді пайдаланып, тізесімен беттен ұрып, жекпе-жекті аяқтады. Керемет жеңіс!» – деді Дана Уайт.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру