Чимаев Дю Плессимен жекпе-жегі үшін рекордтық сыйақы алады

Хамзат Чимаев

Фото: Zuffa LLC

UFC 319 турнирінде өтетін Дрикус Дю Плессиға қарсы жекпе-жекте Хамзат Чимаев жеңіске жетсе, мансабындағы ең ірі сыйақыны алады — 1,8 миллион доллар, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл сома оның бұрынғы ең жоғары табысы — Роберт Уиттакермен болған айқастағы 1 миллион доллардан 800 мыңға артық. Чимаев үшін бұл тек титулдық мүмкіндік қана емес, сонымен қатар қаржылық тұрғыдан да жаңа деңгей болмақ.

Жекпе-жекшінің медиа кеңістіктегі танымалдығы күн санап артып келеді. Бұған дейін оның командасы эксклюзивті сұхбат үшін 700 мың доллар талап еткені жайлы ақпарат тараған болатын, бұл оның нарықтағы құнын көрсетеді.

Ал чемпион Дю Плесси бұл кездесуден шамамен 3 миллион доллар табыс табады. Бұл — Шон Стриклендпен айқаста алған сыйақысымен бірдей. Жекпе-жек 16 тамыз күні Чикагода өтеді және жылдың ең табысты орта салмақ айқастарының бірі болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
29 Янв - 18:35 ММА
Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі мамыр немесе маусым айларына жоспарлануы мүмкін
28 Янв - 14:46 ММА
Жалғас Жұмағұлов Шавкат Рахмоновтың октагонға оралу уақыты туралы пікір білдірді
27 Янв - 08:15 ММА
Mangu MMA лигасында Азат Мақсұм мен Рамазан Темиров титул үшін кездеседі
23 Янв - 14:07 ММА
Қаршыға Дәуітбек Rizin 52 турнирінде Жапонияда жекпе-жек өткізеді
22 Янв - 21:00 ММА
Жалғас Жұмағұлов UFC-ке қайта оралу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр
17 Янв - 15:15 ММА
Диас Өтеген ONE Championship лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
17 Янв - 10:32 ММА
Николай Веретенников UFC Vegas 113 турнирінде октагонға қайта оралады
14 Янв - 10:33 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының үздік үш жауынгерінің қатарына енді
13 Янв - 12:23 ММА
Еркебұлан Тоқтар OCTAGON лигасында Шахзод Узоковпен жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасасты
12 Янв - 16:37 ММА
Хамзат Чимаев Алекс Перейраны жекпе-жекке шақырды