Чесноков Ресей чемпионатына ауысуы мүмкін

Ислам Чесноков

Ислам Чесноков. Фото: Getty Images

«Тобылдың» шабуылшысы Ислам Чесноковқа Ресей Премьер-лигасының клубы — «Крылья Советов» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

BorodAbata.kz дерегінше, самаралық команданың бас бапкері Магомед Адиев 24 жастағы ойыншыны жеке өз бақылауына алған. Бұған дейін Қазақстан құрамасын жаттықтырған маман шабуылшыны қатарынан көргісі келеді. Алайда Қостанай клубы ойыншысын оңайлықпен жібермейді: трансфер құнын кемі 500–600 мың еуро деп бағалаған. Transfermarkt порталы Чесноковтың нарықтық құнын 900 мың еуроға бағалайды.

Футболшы биылғы маусымда 13 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Ислам Чесноков 2026 жылдың басында Шотландияның «Хартс» клубына ауысуы мүмкін. Ол бұл командамен алдын ала келісімшартқа отырған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін