Чемпиондық белбеуін қайтарған Волкановски үздік ондыққа қайта енді

Александр Волкановски

Александр Волкановски. Фото: Zuffa LLC

UFC ұйымы салмақ дәрежесіне қарамай ең мықты файтерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Соңғы жекпе-жекте Диего Лопесті жеңіп, қайтадан жартылай жеңіл салмақтағы чемпион атанған Александр Волкановски P4P рейтингінде 11-орыннан бірден 9-орынға көтерілді.

Австралиялық спортшы бұл көрсеткішімен бразилиялық Алешандре Пантожа мен ағылшын Том Аспиналды артта қалдырды. Волкановскидің Лопеске қарсы кездесуі бес раундқа созылып, төрешілердің бірауыз шешімімен аяқталған болатын.

Ал рейтинг көшін бұрынғыша жеңіл салмақтағы чемпион — ресейлік Ислам Махачев бастап тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру