Чебурин үш чемиондықтан кейін «Жальгириспен» қоштасты

Фото: PA Images via Getty Images
Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин Вильнюстің «Жальгирис» клубындағы жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.
Оның соңғы матчы Литва чемпионатындағы «Паневежиске» қарсы кездесу болды. Бұл ойында «Жальгирис» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қарсыласу аяқталған соң тараптар келісім бойынша келісімшартты үзді. Сонымен қатар қақпашылар бапкері Валерий Ситало да командадан кетті.
Чебурин 2021 жылдан бері «Жальгиристің» тізгінін ұстап, үш рет ел чемпионы атанды, екі мәрте Кубок пен Суперкубок жеңіп алды. 2022 жылы оның жетекшілігімен клуб тұңғыш рет УЕФА турнирінің топтық кезеңіне жолдама алды. Жалпы ол команданы 228 ойында баптап, соның 131-де жеңіске жетті.