«Бешікташта» өзгеріс: Зайнутдинов пен Иммобиле жазда кетуі мүмкін

Бахтиер Зайнутдинов

Бахтиер Зайнутдинов. Фото:Anadolu via Getty Images

Түркиялық «Бешікташ» клубы жазғы трансферлік терезеде бірнеше ойыншымен қош айтыспақ. Sözcü басылымы Бактиер Зайнутдиновтің де тізімде екенін жазды.

Басты үміткерлердің бірі — италиялық шабуылшы Чиро Иммобиле. Сонымен қатар клуб Жоау Марио, Феликс Удуокай, Габриэль Паулиста және Алекс Окслейд-Чемберлен секілді ойыншылардың да болашағын қарастыруда. Түркиялық футболшылар Онур Булут пен Тайип Талха да кетуі мүмкін деген ақпарат бар.

Бұл футболшылармен қоштасу арқылы клуб шамамен 20 миллион еуроны үнемдей алады. Оның ішінде Иммобиле мен Чемберленнің жалақысы жылына 10 миллион еуроны құрайды, сондықтан олардың клубтан кетуі оңай болмауы ықтимал.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру