Белал Мұхаммед Чимаевтың жеңісін бағалады

Белал Мухаммад

Белал Мухаммад. Фото: Zuffa LLC\

UFC-дің бұрынғы жартылай орта салмақ чемпионы Белал Мұхаммед Чикагода өткен UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегіне пікір білдірді. Бұл айқаста Хамзат Чимаев пен Дрикус Дю Плесси кездескен еді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жекпе-жек барысында Мұхаммед әлеуметтік желідегі жазбасында: «Дрикус, сен батылдық таныттың, бірақ шынын айтқанда — әлсіз көріндің. Барлық бес раундта 10:8. Жаңа чемпион…» деп жазды. Ол осылайша Чимаевтың жеңісін меңзеді.

Айта кетейік, Чимаев төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Дю Плессиін жеңіп, орта салмақта UFC белдігін иеленді. Бұл – оның жеңіліссіз сериясындағы 15-ші жеңісі. Ал Дю Плесси мансабында үшінші рет жеңіліп, UFC-де алғаш рет тізе бүкті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру