Бақтияр Зайнутдиновтің мансабына нүкте қойылған жоқ – жарақатынан емделіп жатыр

Бахтияр Зайнутдинов

Бахтияр Зайнутдинов. Фото: Getty Images

Қазақстандық журналист Сеил Қожатай SALE футбол телеграм арнасында «Бешикташ» пен ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдиновтің жарақатына қатысты нақты мәліметпен бөлісті. Соңғы күндері оның мансабын аяқтауы мүмкін деген сыбыс жиілеп кеткен болатын.

Журналисттің айтуынша, ол кеше ғана Бақтиярдың өзімен сөйлескен. Наурыздағы оқу-жаттығу жиыны кезінде футболшы сәуірде алаңға оралуды жоспарлаған. Алайда сіңірінің қабынуына байланысты емделу мерзімі ұзарып кеткен. Қазір жазылып шығу үшін кемінде екі апта уақыт қажет екен.

Сеил Қожатай жанкүйерлерге дүрлігудің қажеті жоқ екенін айтып, «мансабын аяқтауы мүмкін» деген алыпқашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды. Ол Бақтиярдың әлі де ұлттық құрамаға көмектесетініне сенімді екенін жеткізді.

Айта кетейік, Бақтияр Зайнутдинов биылғы маусымда Түркия Суперлигасында «Бешикташ» сапында 9 ойын өткізген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді