Азат Мақсұмның UFC-дегі қарсыласы анықталды

Азат Максум

Азат Максум. Фото: Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық UFC файтері Азат Мақсұм 21 маусым күні Бакуде өтетін турнирде октагонға қайта оралады. Ол Кёдзи Хоригучидің орнына шығып, Хабиб Нурмагомедовтің командасындағы Тагир Уланбековпен күш сынасады.

Triumph Fights залындағы бапкер Қанат Рахымовтың айтуынша, Азат жекпе-жекке ертеден дайындалып жүрген.

«Америкада жаттығу жасап келді. Ұсыныс түскен сәтте бірден келістік. Қарсылас таңдамаймыз», – деді ол Sport Шредингерге берген сұхбатында.

Жекпе-жекке соңғы дайындық Алматыда өтеді. Команда уақытты жолға жұмсамай, әр күнді тиімді пайдалануды жөн көрген.

«Нурмагомедовтер командасы – қазір әлемдегі ең мықтылардың бірі. Оны жақсы білеміз. Бекзат Алмахан мен Умар Нурмагомедовтің кездесуін бәрі ұмытқан жоқ. Әуесқойлар деңгейінде жолымыз түйіспесе де, бұл айқастың оңай болмайтынын түсініп отырмыз», – деді Рахымов.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Дек - 16:47 ММА
Конор Макгрегор UFC-дегі үшінші чемпиондық атаққа қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеді
04 Дек - 15:51 ММА
Қаршыға Дәуітбек Rizin турнирінде жылды қорытындылайды
04 Дек - 12:05 ММА
Алмахан Дубайдағы жекпе-жектен кейін рейтингте төмендеді
02 Дек - 09:18 ММА
Қуат Хамитов Зубайра Тухуговпен бокс жекпе-жегін ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады
30 Ноя - 11:44 ММА
Балғын Жеңісұлы Нұрбек Қабдрахмановтан есе қайтарып, Naiza FC лигасының жаңа чемпионы атанды
26 Ноя - 16:43 ММА
Жұман Жұмабеков NAIZA 78 турнирінде жекпе-жек өткізеді
25 Ноя - 18:58 ММА
Әли Абдель-Азиз Ислам Махачевтің келесі қарсыласын атады
25 Ноя - 17:04 ММА
DAR Team бас бапкері Шавкат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі орнын бағалады
25 Ноя - 15:36 ММА
Алматы 2026 жылы UFC турнирін өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр
25 Ноя - 12:33 ММА
Жалғас Жұмағұлов UFC чемпионы Пантожамен бірлескен жаттығу өткізді