«Атырау» – «Астана» матчындағы даулы сәттерге КФФ түсініктеме берді: бір қате, екі дұрыс шешім

Фото: nur.kz
Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру «Атырау» мен «Астана» арасындағы Премьер-лига матчының негізгі эпизодтарына ресми түсініктеме берді.
32-минутта қақпашы айып алаңынан тыс жерден шабуылшыны тоқтатты. Алайда оның артында екі қорғаушы болған. Төреші дұрыс шешім қабылдап, қақпашыға сары қағаз көрсетіп, айып добын белгіледі. VAR араласуды қажет етпеді.
34-минутта төреші пенальти белгіледі, бірақ КФФ мәліметінше, шабуылшы допты өзі игеріп, аздаған немесе мүлде болмаған контакттан кейін құлап түскен. Бұл жағдайда дұрыс шешім – сары қағаз көрсету және айып добын белгілеу еді. VAR бұл эпизодқа араласуы тиіс болатын.
90+4-минутта доп қорғаушының қолына тигенмен, қол табиғи қалыпта болды. Төреші пенальти белгілемеді, бұл дұрыс шешім саналды.