«Атлетикоға» ымдағаны үшін «Реал» ойыншылары жазаға тартылды

Килиан Мбаппе

Килиан Мбаппе. Фото: SPOX

УЕФА-ның этика және тәртіп комитеті «Реал» футболшыларының «Атлетикомен» болған қарымта матчтан кейінгі әрекетіне қатысты шешім шығарды. Ойыншылардың кейбірі қарсылас жанкүйерлеріне түрлі ым-ишара көрсетіп, соның салдарынан жазаланды.

Қорғаушы Антонио Рюдигер, жартылай қорғаушы Дани Себальос және шабуылшы Килиан Мбаппе бір матчқа шартты түрде шеттетілді. Оларға берілген сынақ мерзімі — бір жыл.

Сонымен қатар, УЕФА Рюдигерге — 40 мың, Себальосқа — 20 мың, ал Мбаппеге — 30 мың еуро көлемінде айыппұл салды.

Айта кетейік, «Реал» бұл матчта жеңіліп қалса да, екі ойын қорытындысы бойынша пенальти сериясында басым түсіп, келесі кезеңге өткен болатын. Дегенмен, жеңістен кейінгі әрекеттері тәртіпке томпақ келді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді