Ата жолын қуған ұл: Ван Нистелройдың ұлы ПСВ-мен келісімшартқа отырды

Лиам ван Нистелрой

Лиам ван Нистелрой. Фото: nogomania.com

Нидерланд құрамасының аңызға айналған шабуылшысы Руд Ван Нистелройдың ұлы Лиам алғаш рет кәсіпқой келісімшартқа қол қойды. 17 жастағы футболшы Эйндховеннің ПСВ клубымен 2028 жылға дейін келісім жасасты.

Жас шабуылшы биылғы маусымда ПСВ-нің 17 жасқа дейінгі командасында 30 ойын өткізіп, 20 гол соққан. Бұған дейін ол анасының тегімен — Слэтс болып ойнап келген еді. Бұл шешімді ол академияда көзге түсіп қалмау үшін қабылдаған. Алайда енді ресми түрде атақты фамилиясына қайта оралды.

Айта кетейік, Руд Ван Нистелрой да кезінде ПСВ сапында жарқырап шыққан. Кейін «Манчестер Юнайтед» пен «Реал» клубтарында топ жарған. Мансабын аяқтаған соң ПСВ клубының әртүрлі жас құрамдарын жаттықтырды, 2022-2023 жылдары бас бапкер қызметін де атқарды. Қазір Руд Ван Нистелрой Англиядағы «Лестер» клубын баптайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 18:31 Футбол
Гвардиола Англияда екі матчқа шеттетілді
08 Мар - 12:54 Футбол
Самородов CIES нұсқасы бойынша Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр