Асу Алмабаев UFC рейтингінде жоғарылады

Асу Алмабаев

Асу Алмабаев. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-3) UFC рейтингінде өз орнын жақсартты. Ол аса жеңіл салмақта тоғызыншы орыннан сегізінші сатыға көтерілді.

Бұл өзгеріс аустралиялық Стив Эрцегтің (12-4) бір саты төмен түсуіне байланысты орын алды. Ол Мексиканың Мехико қаласында өткен UFC on ESPN 64 турнирінде мексикалық Брэндон Мореноға (23-8-2) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалды.

Асу Алмабаев болса, соңғы жекпе-жегін бір ай бұрын Лас-Вегастағы UFC Fight Night 253 турнирінде өткізген еді. Ол кезде ол Ангола спортшысы Манел Капемен (21-7) кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтылып қалған.

Жеңілісіне қарамастан, Алмабаев дивизиондағы үздік ондық қатарында қалып, тіпті бір орынға жоғары көтерілді. Бұл – қарсыластары арасындағы нәтиже өзгерісінің әсері.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру