Асу Алмабаев Алекс Перезбен Дохада жекпе-жек өткізеді

Асу Алмабаев

Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық ММА шебері Асу Алмабаев (21–3) келесі жекпе-жегін америкалық Алекс Перезге (25–9) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz UFC ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұл кездесу 22 қараша күні Дохада өтеді. Бұл — Катарда алғаш рет ұйымдастырылатын UFC турнирі болмақ. Алмабаев үшін бұл американдық промоушен аясындағы үшінші айқас болғалы тұр.

Асу соңғы рет 27 шілдеде Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде перуандық Хосе Очоаны төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ал Алекс Перез UFC-де 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол 2020 жылы чемпиондық белбеу үшін Дейвесон Фигередомен кездесіп, бірінші раундта «гильотина» әдісімен жеңілген еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру