Асу Алмабаев Абу-Дабиде жеңіске жетті

Асу Алмабаев

Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-3) Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде жеңіске жетті. Ол перулік қарсыласы Хосе Очоамен (8-1) жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Наилегжей салмақта өткен айқас үш раундқа созылды. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Алмабаевқа берді.

Бұл жеңіс Асу үшін кәсіби мансабындағы 22-ші жеңіс болды. Ал Очоа екінші рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, Алмабаев UFC-дегі алты жекпе-жектің бесеуінде жеңіп, біреуінде Манел Капеден жеңілген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру