Астанада UFC турнирі өтуі мүмкін

UFC

UFC. Фото: Zuffa LLC via Getty Images

Астана қаласы UFC деңгейіндегі халықаралық турнирлерді қабылдауға толық дайын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Туризмді дамыту орталығының басшысы Артём Квашук мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Оның айтуынша, елордада мұндай ірі іс-шараларды ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. «Біздің ареналар халықаралық стандарттарға сай. Мұндай турнир міндетті түрде шетелдік туристерді тартады, бұл қаланың экономикасына оң әсерін тигізеді», – деді ол.

«Астана Концерт» компаниясының продюсері Малик Хасеновтың айтуынша, UFC талаптарына толықтай сай келетін алаң — «Барыс Арена». Сонымен қатар, ол Шавкат Рахмонов секілді атақты спортшылардың барын ескеріп, бұл турнирдің Астанада өту мүмкіндігін жоғары бағалады.

Хасеновтың сөзіне сүйенсек, турнирді алдағы екі-үш жылда өткізуге болады. Қазір басты мақсат — халықаралық серіктестер мен демеушілерді тарту.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру