«Астана» ВТБ лигасынан уақытша кетеді

Баскетбольный клуб «Астана»

Баскетбольный клуб «Астана». Фото: РИА Новости

ВТБ Біріккен лигасының президенті Сергей Кущенко қазақстандық «Астана» клубы келесі маусымда жарысқа қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл шешім ел ішіндегі жаңа заңнамалық өзгерістерге байланысты қабылданған. Бұл туралы Championat.com хабарлады.

Кущенконың айтуынша, команда уақытша «каникул» алмақ. Алайда «Астана» клубының 21 жасқа дейінгі жастары ВТБ жастар лигасында өнер көрсетеді. Ал негізгі құрамның келешегіне қатысты шешім лига кеңесінде маусым айының ортасында қабылданады.

«Олар бұрыннан бері бізбен бірге. Қайта оралғысы келеді, біз де олардың қайта қатысқанын қалаймыз», – деді Кущенко. Жаңа клубтар туралы нақты ақпарат кейінірек жарияланады.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру